Келімсек теннисшілер салық төлей ме?

Козачков Михаил

Последний вход: 14.01.2018 13:58:43
Дата регистрации: 11.03.2011 23:35:41
WWW-страница: http://twitter.com/koza4koff
ICQ: 293267934
Пол: Мужской
Страна: Казахстан
День рождения: 16 мая
Любимая команда:  Ордена Ленина. Ордена Красного Знамени. Великий. Могучий...
Козачков Михаил Всем
Келімсек теннисшілер салық төлей ме?

Кейінгі күндері отандық электронды басылымдарда «Ресейдің тағы бір теннисші қызы Қазақстанның намысын қорғауы мүмкін» деген ақпарат қылаң бере бастады.

Бұл орайда Ресей теннисіне бас-көз болып жүрген білікті маман Шамиль Тарпищевтың сөзддері көлденең тартылуда. Тіпті Ресей басылымдарына сілтеме жасай отырып, төрткүл дүниеге кеңінен танымал маман Евгения Родинаның Қазақстанға ауысуы ықтимал екендігі жөнінде айтқан сөздерін де мәлімдеуде. Енді соған көз жүгіртейік: «Егер Родина Қазақстанға қазір кетпесе, онда оған спорттық карьерасын тамамдауға тура келеді. Ал былай біз оған да, Қазақстанға да көмектесеміз. Қазақстанмен арадағы келісім бойынша бірнеше теннисшіміз қос азаматтық алып, Қазақ елінің намысын қорғап жүр. Ал егер біз өзіміздің үшінші құрамдағы теннисшілерімізді Қазақстанға бермегенде, онда олар бүгінде теннис ойнап жүрмес еді. Ешкім де Голубев, Кукушкин, Щукин, Шведова, Воскобоева жайлы естімес еді. Олар да қаржы тапшылығына тап болып, сергелдеңге түскен-ді. Мен осы ойыншылар үшін жақсылық жасадым», – депті.

Тебірене айтылған сөздер. Бұдан кейін Ресей халқы, әсіресе теннисшілер мен олардың ата-аналары, Тарпищевқа алғыс айтпаса, сөге қоймас. Ал біз ше?!

«Жарайды, ел теннисін өркендету үшін, тезірек дамыту үшін тәжірибелі спортшылар керек» дедік. «Дэвис кубогында нәтижелі ойын өрнегін көрсету үшін деңгейі жоғары теннисшілер қажет» дедік. Бәрі де дұрыс. Осы мақсатта Ресейден — Андрей Голубев, Михаил Кукушкин, Юрий Щукин, Евгений Королев, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, ал Болгариядан Сесиль Каратанчева сынды спортшыларды өзімізге алдық. Бірақ олар көбінесе шетелдерде жүреді. Шетелдерде әртүрлі турнирлерге қатысады. Тіпті жаттығу жұмыстарын да шетелдерде өткізгенді қалайды. Үнемі біздің спортшылармен бірге жүріп, солардың деңгейлерін өсіру мақсатында тер төгіп жүр деп айта алмаймыз. Тек небір дүбірлі додаларда «Қазақстан» дегізіп, біздің елдің атынан сынға түсіп жатқандарына қуанамыз.

Осындай ірі турнирлерде еліміздің атын шығарып жүрсін деп, әлгіндей спортшылардың төртеуін алайық, бесеуін шақыртайық, бірақ топырлатып, үсті-үстіне ала берудің пайдасы бар ма? Бізде де бой көтеріп келе жатқан жас спортшылар бар емес пе?! Біз Ресей теннисшілері үшін жұмаққа айналып бара жатқан жоқпыз ба осы? Ресей теннисшілері қаржыдан қиналып жүр екен деп, құшағымызды айқара аша бермекпіз бе?! Қанша дегенмен, біз олардың әрқайсысына ақша төлеп отырған жоқпыз ба? Ақшаны қолдарына ұстатпағанның өзінде жаттығу жұмыстарының ойдағыдай өтуіне жағдай жасап отырмыз.

Енді бір мәселеге көңіл аударайықшы, теннис әлемінде спортшылардың ірі турнирлерден алатын ақшалай жүлделері өте қомақты-ақ. Мысалы, «Ролан Гаррос» турнирінің жүлде қоры биыл 16 807 400 евро болды. Оның 1 200 000 евросын жеңімпаз алады да, финалда ойнаған теннисшілерге 560 000 евродан тиеді. Қалған ақша бұдан кейінгі орындарға бекітілген жүйемен бөлінеді.

Ашық Австралия чемпионатының жүлде қоры – 21 400 000 доллар. Жеңімпаздар (әйелдер және ерлер арасындағы) жан қалталарына 1 860 000 доллардан басты. АҚШ-тың ашық чемпионаты бұлардан асып түспесе, кем емес. Жүлде қоры – 22 600 000 доллар. Жеңімпаздар 1 700 000 доллардан алады. Уимблдон турнирі де осыларға жетеқабыл. Онда биыл жеңімпаздарға 1 миллион фунт стерлингтен (шамамен 1 500 000 доллардан) берілді. Ал жалпы жүлде қоры 13 725 000 фунт стерлинг болды. Бірінші айналымда ұтылып қалған теннисшінің өзіне 11 250 фунт стерлинг беріледі. Бұл – шамамен 2 579 737 теңге деген сөз. Жоғарыда айтылған «Үлкен дулыға» турнирлерінің қалған үшеуінде де бірінші айналымда ұтылып қалған теннисшілердің өздеріне шамамен осындай сомада (дөңгелетіп 15 000 доллар дейікші) ақша беріледі. Келесі кезеңге өткен сайын алатын жүлде сомасы да арта түседі. Осы турнирлердің төртеуіне де қатысу мүмкіндігіне ие болған теннисші кем дегенде 60 000 долларды әмиянына салады.

Әлемде барлық елдердің теннисшілері осы алған жүлделерінен өз Отанына салық төлейді. Кейбір әйгілі теннисшілердің басқа елдің намысын қорғауға мүдделі болатыны да осыдан. Олар табыс салығын аз талап ететін елдерді таңдайды. Өзіңіз ойлаңызшы, теннисші 1 000 000 доллар жүлде алса, шамамен оның 20 пайызын (200 000 долларын) мемлекетке беруі керек...

Біз Ресей мен Болгариядан келген теннисшілерміз осындай сомада ақшалай жүлде алады деп ойламаймыз. Әрі олардың біздің елге салықтан қашып келмегендігі баршаға аян. Керісінше, оларға ақшалай көмек керек болды. Сондай-ақ олардың жүлделеріне қызығып та отырған жоқпыз. Тек «судың да сұрауы бар» дейді, олар біздің елге салық төлей ме, жоқ па — соны білгіміз келді. Бірақ оның нақты жауабын біле алмадық. Қазақстан теннис федерациясымен хабарласып едік, телефонды көтерген хатшы қыз: «Мұндай мәліметті сізге ешкім де бермейді, себебі спортшылармен арадағы келісім бойынша мұндай мәселелерді жария ете алмаймыз», – деді... Ал Қазақстан теннис федерациясындағы баспасөз қызметкерлерінен «олардың әрқайсысымен жеке-жеке келісімшарт жасалған, сол келісімде қарастырылған» деген жауап алдық. Бірақ олар Родинаның біздің елге ауысатындығын теріске шығарды. Осы орайда, Ярослава Шведованың 2010 жылғы шілде айының аяғына дейін Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингі бойынша биыл табыс табудан 19-орында болғандығы жайлы ақпарат таратылғандығын атап өткен артық болмас. Сондай-ақ Ярослава биылғы Уимблдон турнирінде (жұптасып өнер көрсетуде) Вани Кингпен бірге топ жарып, қомақты сыйақы алған болатын.

Ал егер жоғарыда аталған жеті теннисшінің орнына жеті білікті бапкер шақыртып, оларды жеті облыс орталығына қойсақ ше? Олардың әрқайсысы кем дегенде 20 шақты баладан жаттықтырса, енді 10 жылдан кейін әлгі 150-ге тарта баланың жоқ дегенде 10-ының маңдайы жарқырап шықпас па еді?! Осы жеті облыс арасында тартысты бәсеке орнауы да мүмкін ғой. Өсе келе, олар да қазіргі жетеуі сияқты әлемнің 100 үздік теннисшісінің қатарына ілігер еді-ау...

Нурғазы Сасаев

29.08.2010 04:32:22 0
девушка можно с вами познакомится?
Марика
31.08.2010 08:33:33 0
Керек па олар? Одан да озымыздын жастарды тарбиелемейдыма. Келген тенисшылердын женып жатканы шамалы гой. Оданда акшаны жаксы бапкер мен жергылыкты, ойнагысы келетын жастарга жумсау керек. (казакша шрифт жок, сондыктан осылай жаздым)
Джордано
03.03.2014 12:56:29 0

Для того чтобы, оставить комментарий необходимо войти или зарегистрироваться