Шторк мырза «Келімсектер» құрамасын құрып жатыр

Козачков Михаил

Последний вход: 14.01.2018 13:58:43
Дата регистрации: 11.03.2011 23:35:41
WWW-страница: http://twitter.com/koza4koff
ICQ: 293267934
Пол: Мужской
Страна: Казахстан
День рождения: 16 мая
Любимая команда:  Ордена Ленина. Ордена Красного Знамени. Великий. Могучий...
Козачков Михаил Всем
Шторк мырза «Келімсектер» құрамасын құрып жатыр

Құртты, мына Шторк, құрртты. Қазақстан құрамасын «Келімсектер» құрамасына айналдырып, жеке басының қамын күйттеп кетті.

Тықыр таянғанда, «болашағымызды» да ұмытты

«Жеке басының қамын күйттеп кетті» деген сөздерімізге оралар болсақ, жағдай былай. Ұлттық құраманың тізгіні қолына тиген соң Бернд Шторк құрама сапына өңшең жастарды жинап, «мен Қазақстан футболының болашағын ойлап, жастарды ауыздандырып жатырмын» деп жар салды. Самат Смақов, Нұрбол Жұмасқалиев, Қайрат Нұрдәулетов, Мұрат Тілешев, Давид Лория және де басқа тәжірибелі футболшылармызды іске жарағысыз қылып тастады. Әрқайсысы туралы айтар уәжі дайын, қашанда. Бұғанасы қатпаған жастарды жиып, аламан додаға салды да, үй демей, түз демей, оңды-солды ұтыла бастады. Түзде Андорраны ұтқаны болмаса, басқадай ресми ойындарда жеңілістен көз ашпады. Киевте ойын өрнегінің қиюуы қашып, кежегесі кейін тартып жүрген Украина құрамасынан 1:2 есебімен ұтылғанда оны жақтаушылар «әне, деңгейі жоғары командамен терезесі тең өнер көрсетті» деп қытығымызға тиді. Одан соң негізгі құрамдағы ойыншыларының көбісін Қазақстанға әкелмеген Хорватия футболшыларынан да дәл осындй есеппен ұтылғанда, Шторк те, оның жақтаушылары да «міне, біздің құрама жетіліп келеді» деп, мысымызды басты.

«Мен Қазақстан футболының болашағы үшін жастарды жетілдіру үстіндемін» деген Бернд Шторктің сөзі де, ісі де көпшілікке ұнаған жоқ, әрине. Журналистер жарыса жаздық. Құралбек Ордабаев ағамыз тіпті «ол бізді алдап жүр» деп байбалам салды. Өкінішке қарай, тыңдайтын құлақ болмады...

Биыл 15 қаңтар күні Қазақстан футбол федерациясы Б.Шторкті Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері етіп қайта тағайындады. Бірақ «1+1» жүйесімен. 2010 жылы оған 3 ұпай еншілеу жүктелген. Егер қоржынға 3 ұпай сала алмаса, орнын босатуы керек. Міндетін орындап, 3 ұпай еншілесе, тағы бір жыл бас бапкер болады. Қазақстан футбол федерациясы Бас хатшысы Саян Хамитжанов журналистермен болған жүздесуде осыны мәлімдегенде, «дұрыс» десіп, риза болдық. Осындай бір нақты талап қойылмаса, бола ма тәйірі.

Неміс маманы енді құрама сапына тәжірибелі футболшыларымызды шақыртатын шығар деп ойлағанбыз. Шынымен-ақ солай болды. «Жастарды ауыздандырғыш» жаттықтырушымыз Нұрбол Жұмасқалиевті құрама сапына қосып, өзі «зейнетке шығарған» Фархадбек Ирисметовті жаттығу жиынынан қалдырмайтын болды. Бірақ құрама сапына шет едік легионерлерді қоса бастады. Бірінші болып, қақпашы Андрей Сидельников пен қорғаушы Михаил Рожковты қосты. Бірінішісі біраздан бері төл чемионатымызда ойнап жүрсе, екіншісі тосын қосылды. Одан соң құрама сапын Сергей Каримов пен Марк Гурман толықтырды. Бұл екеуіне қуанбасақ, ренжіген жоқпыз. Себебі екеуі де – Қазақстан тумасы. Ал 31 тамыз күні Ресей басылымдары Казбек Гетербиев пен Алексей Поповтың Қазақстан құрамасының жейдесін киетіндіктерін жария етіп, жар салды. Бір қызығы, 28 тамыз күні Бернд Шторк Алматыда журналистерге арнап баспасөз мәжілісін өткізді. Бұрақ бұл басқосуда әлгі екі футболшы жайлы бір ауыз сөз айтылған жоқ. Тек Германиядан Генрих Шмидтгальдің келетіндігі тілге тиек етілді. Ал Гетербиев пен Поповтың біздің елдің намысын қорғайтындығын Ресей басылымдарынан біліп отырмыз. Бұл қалай? Шторк мырза Қазақстан футболшылары тұрмақ, журналистерінің өздерін елемейтін болған ба?!

Қазақстан чемпионаты қажет пе?..

Сидельниковтің біздің елдегі қақпашылардан соншалықты асып кеткендігін көре алмай жүрміз. Сондай-ақ қорғаушы Рожковты да Самат Смақов сынды өз жігіттерімізден көш ілгері деп айт алмаймыз. Жарайды, Германиядан Қазақстанда туған бұрынғы отандастарымызды шақыртсын. Ал Ресейден 30-дан асқан сақа футболшыларды шақыртуы қай сасқаны?! Жастарды тәрбиелегіштігі кәне? Қазақстан футболының болашағын ойлағыштығы қайда? Одан да «Локомотив» (Астана) клубының ойынын жандандырып, қорғанысына тірек болған Қайрат Нұрдәулетов пен Еурододаларда «Ақтөбе» клубын алға сүйреген Самат Смақов пен қарсыластарының қорғанысын піспектеумен болған Мұрат Тілешевті шақыртса етті.

Егер Шторк мырза төл чемпионатымыздағы футболшыларды керек қылмайтын болса, онда ел біріншілігін өткізудің қажеті бар ма, осы?! Допты хоккейдегідей Ресей құрамасына ілікпей қалған тәжірибелі ойыншылардан құрама жасақтап, халықаралық додалардың көрігін қыздыра берейік те, онда. Әне, допты хоккейде нәтиже де бер. Әлем чемпионаттарында кем дегенде төртінші орын алып жүрміз. Футболға да Шторктің «осы әдісін» (біздің елге үш қайнаса да, сорпасы қосылмайтын футбошыларды шеттен таситын) қолданайық онда. Сонда ақша да үнемдейтін шығармыз.

Бізге «Келімсектер» құрамасы емес, Қазақстан құрамасы керек. Біреуін қазақыландырсын, тіпті екі-үшеуін қоссын, бірақ құрама сапының 50 пайыздан астамын келімсеткерден жасақтаған несі?! «Осы келімсектердің арқасында үш ұпай еншілеп, өз орнымда қалсам» деген пендешілік емес пе, бұл?! «Қара басының қамын күйттеп кетті» деп отырғанымыз осы. Бізге қара басының қамын ойлайтын бапкер емес, қазақ футболының жағдайын ойлайтын, ел мен жердің намысын есінен шығармайтын көкірегі ояу азамат керек.

Шторктің қазіргі құрамасындағы легионерлер:

қақпашы – Андрей Сидельников (Мәскеудің «Спартагының» түлегі);

қорғаушылар  – Михаил Рожков («Носта», Новотроицк), Алексей Попов («Амкар», Пермь), Сергей Каримов («Вольфсбург», Германия);

жартылай қорғаушылар  – Казбек Гетериев (Кабардино-Балкария, Ресей), Марк Гурман (Израильдің «Хапоэльінен» келді), Генрих Шмидтгаль («Оберхаузен», Германия).

Келесі кім? Шторк мызра енді кімді қосады, бұларға? «Амкар» (Пермь) клубының қорғаушысы Дмитрий Белоруков пе, жоқ әлде басқа ма?!

Нургазы Сасаев

На фото - Генрих Шмидтгаль, новобранец сборной Казахстана
Али
02.09.2010 22:39:54 0
Действително, зачем тогда проводит чемпионат Казахстана?.....
Для того чтобы, оставить комментарий необходимо войти или зарегистрироваться